Біздің жақтағы "Букмекер"
Біздің жақтағы "Букмекер"

Бұрынғы ерлер жүретін саят құрып,
Қазіргілер жүр әне, аяқты ұрып.
Әкесінің құнын да салып жатыр
Баласынан бес теңге аяп тұрып.

Құр босқа төкпей-шашпай астарыңды,
Одан да арттарыңа таста үлгі.
Шайтанның алдарында иесіңдер
Сәждеге тиілмеген бастарыңды.

Өйткені, Ібіліс те бұл мекенненн,
Не пайда харам іске тер төккеннен.
Мешітке бас сұқпаған ағаларды
Шығара алмай жүрмейік БУКМЕКЕРДЕН!

Нұргүл ҚАЛИМОЛДА

Нұргүл ҚалимолдаНұргүл Қалимолда
9 жыл бұрын 2466
0 пікір
Блог туралы